Кітап авторы - Қырғызстанның Ұлттық ғылым академиясының академигі Абдылдажан Акматалиев. Ол Шыңғыс Айтматовпен дос болғандықтан, көптеген жазбаларының пайда болуына куә болды.
«Бірде Шыңғыс Айтматов қар барыстарының өмірі жайлы жақсы білетін аңшыларды табуды сұраған. Кейін, Айтматов өзінің соңғы «Таулар құлағанда» романын жазды», - деді А.Акматалиев.
Ш. Айтматов Акматалиевке «Умен суарылған гүлдер» фельетонын табыстап кеткен. Ғалым оны сақтап жүр.
Басылмай, қолжазба түрінде қалған тағы бір шығармасы - «Флейта мен жер» ұлы Асқар Айтматовтың үйінен табылды.