Жогорку Кенеш (Парламент) 2017 жылғы 30 наурызда қабылдаған заңның мақсаты - мемлекеттік бюджеттің табысты бөлігін толықтыру, ЕАЭО-ға кіретін елдерде белгіленген акциздік салық ставкаларымен темекі бұйымдарына акцизді салық ставкасын кезең-кезеңмен үйлестіру, сондай-ақ Қырғызстанда темекі шегуді азайту.
Заңмен Салық Кодексінің 287-бабының 1-бөлігіне енгізілген түзетулер темекі бұйымдарына акциздік салықтың базалық ставкасын жыл сайын (2018-2022 жылдары) ұлғайтуды көздейді.
Заң 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.