Қырғызстанда темір сынықтары мен қара металл қалдықтарын экспорттауға тыйым салынды

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда қайта балқытуға арналған темір сынықтары, қара металл қалдықтары мен қара металдың құймаларын Еуразиялық экономикалық одақ аумағынан тыс жерге экспорттауға уақытша тыйым салынды.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің қаулысына сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатта Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрлігіне шектеу енгізілгені туралы белгіленген мерзімде Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық комиссияны және ТМД Атқарушы комитеті – ҚР Сыртқы істер министрлігін хабардар ету қажеттігі айтылған.

Бұл ретте ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кеден комитетіне және МҰҚК-нің Шекара қызметіне заңсыз тауардың шекарадан шығарылуына тосқауыл қою үшін тиісті шараларды қолға алу қажеттігі тапсырылды.

Экспортқа уақытша 6 айға дейін енгізілген.