Қырғызстанда ТМД МПАА сессиясында жастар парламентінің дамуы талқыланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шолпан Атада (Қырғыз Республикасы) ТМД қатысушы-мемлекеттері Жастар парламентаралық ассамблеясының (ТМД МПАА) тоғызыншы сессиясы алғаш рет көшпелі отырыс түрінде өтіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ТМД МПАА отырысын Шолпан Атада өткізу туралы шешім 2016 жылдың қараша айында ТМД ПАА Кеңесінің мүшелерінің «Достастық балалары» ТМД қатысушы-мемлекеттердің төртінші мәдени-білім беру форумы аясында қабылданды.

2017 жылы ТМД қатысушы-мемлекеттері Жастар парламентаралық ассамблеясының төрағалығын Қызғызстан Республикасы атқарады. Отырысын аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр Макен ТМД МПАА Үйлестіруші өкілеттігін Қырғызстан Республикасы жастар парламенті делегациясының өкілдеріне тапсыратын болады.

Сондай-ақ ТМД МПАА-ның 2017 жылдың екінші жарты жылдығының жұмыс жоспарын, соның ішінде ТМД-дағы Отбасы жылына арналған ТМД МПАА күзгі сессиясын Санкт-Петербургте өткізу мәселесі талқыланады.