Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, қазір ол жерде санитариялық-профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, кеше Ош облысының Қарақұлжа ауданында түйнеме ауруын жұқтырды деген күдікпен 12 адам ауруханаға жатқызылған болатын.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ауруханаға жатқызылғандардың бәрі сібір жарасымен ауырған малды сойып, артынша бөліске салған.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, науқастарда түйнеменің терідегі ауру формасы байқала бастаған.