Сайлау туралы кодекске сәйкес, шілденің 22-сі күні жергілікті уақыт сағат 8.00-ден бастап «тыныштық күні» орнады - президенттіктен үміткерлер бүгін үгіт-насихат жұмыстарын тоқтатады.
Президенттік сайлауға алты үміткер түсіп отыр. Көрші республиканың сайлаушылары Құрманбек Бакиев, Женишбек Назаралиев, Темір Сариев, Алмазбек Атамбаев, Тоқтайым Үметәлиева және Нұрлан Мотуевтарға дауыс береді.