Шараға мыңға жуық әскерилермен қатар, оқушылар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенділері қатысты.
Бұл күні баспасөз конференциясында Қырғызстан Ұлттық банкі ҰОС-дағы Жеңістің 70 жылдығына арналған күміс монетаның шыққанын мәлім етті.
«Ұлы Жеңіске 70 жыл» күміс коллекциялық монетасы «Тарихи оқиғалар» сериясына кіреді.
Монета тиражы - 1000 дана. Құны 2 350 сомды құрайды. Номинал - 10 сом. Монета Қазақстан монета ауласында шығарылды.