ҰОҚ көшбасшысы болып Қырғыз парламентінің депутаты Равшан Жээнбеков сайланды. Ол ҰОҚ құрамына аймақтар мен әртүрлі саяси партиялар өкілдері енгенін хабарлады. Форумда сөйлеген оппозиция көшбасшылары елде 2005 және 2010 жылдардағы екі төңкерістің жетістіктерін жоғалту қаупі пайда болғанына алаңдаушылық білдірді.
ҰОҚ билікпен жергілікті өкімет органдарының рөлін арттыруға, демократияны нығайтуға бағытталған диалог жүргізбек. ҰОҚ белсенділері митингілер мен басқа да саяси акцияларды қолдайтындығын жоққа шығармады, дегенмен украиндық «Майдан» сияқты күрестің радикалдық әдістеріне Қырғызстанда жол берілмейтінін мәлімдеді.