Қырғызстанда жанар-жағар май тапшылығы байқалуда

БІШКЕК. 19 шілде. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғызстанда жанар-жағар майдың тапшылығына қатысты қиын жағдай байқалуда.

Бішкек қаласының жанармай бекеттерінде А-92, А-96 маркалы бензиндер лимиттелген көлеммен - 10 литр бензиннен ғана сатылып жатыр. Оның үстіне бензин мен дизель отыны 10-15 пайызға қымбаттаған.

Елдегі сарапшылардың пікірінше, жергілікті нарыққа жеткізілетін өнімнің 90 пайыздан астамына ие ресейлік өндірушілердің жанар-жағар майды жеткізуді тоқтатуына байланысты осындай жағдай қалыптасып отыр.

Қырғызстан Үкіметі хабарлағандай, ел премьер-министрі Алмазбек Атамбаев Ресей үкіметіне жағдайды реттеу мәселесі бойынша тиісті хат жіберген.