Қырғыз делегациясында Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Нұрлан Мусуралиев пен Қырғызстан Сауда-өнеркәсіп палатасының Қырғызстандағы шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау бойынша Комитетінің төрағасы Гүлнар Өскенбаева болды.
«Біз «жасыл» экономиканы енгізу тәжірибесін әрі қарай Қырғызстанда жүзеге асыру үшін енгізуге ниеттіміз. Бұл энергияны үнемдеуге бағыт алған елдер үшін өзекті. Сондай-ақ жеке секторда «жасыл» экономиканы белсенді түрде ендіруге ынталандыратын жетекші елдердің нормативті-құқықтық актілерімен таныстық. Бұл жерде энергия тиімділігі, атмосфераға төгілетін қалдық көлемін азайтуды қамтамасыз ету туралы айтылып отыр», - деп атап өтті Н.Мусуралиев.
Оның сөзіне қарағанд, Қырғызстан Сауда-өнеркәсіп палатасы өз қызметін энергия үнемдеу бойынша жобаларды белсенді жүргізуге бағыттамақ. Жақын арада оның мүшелері энергия үнемдеудің негізгі принциптерімен танысады.
«Кәсіпкерлік орта энергия үнемдеу жүйесін енгізу пайдалы екенін біледі. Біз оларды енгізудің тиімді әдістері жөнінде айтуымыз керек», - деді Н.Мусуралиев.
2015 жылдың сәуірінде Қырғызстан «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына қосылды. Меморандумға Қырғызстан Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Марат Шаршекеев қол қойды.
Атап өту керек, Қазақстан посткеңестік кеңістікте «жасыл» экономиканы енгізу мәселесі бойынша көш басындағылардың қатарында. Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесі де энергия үнемдеу мен баламалы энергия көздерін табуға арналады.