Қырғызстанда жекеменшік мектептер салықтан босатылмақ

БІШКЕК. ҚазАқпарат -  Мектеп жетіспеушілік проблемасын шешу үшін Қырғызстан парламентарийі жаңа жекеменшік мектептер салуды ынталандыру мақсатында мемлекеттік емес білім беру секторын салық салудан босатуды ұсынды, деп хабарлады Бішкекте «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

 «Парламентте жекеменшіктегі мектептерді салықтан босатуды көздейтін заң жобасы қаралуда. Салық ауыртпалығынан босату мақсаты - жаңа мекептер салуды ынталандыру», - деді Жогорку Кенештің депутаты Абдывахап Нұрбаев.

Ол мемлекет қазіргі уақытта мектеп жетіспеушілігі проблемасын шеше алмайтынын атап өтті.

 «Олар табыс салығын төлейді және Әлеуметтік қорға аударады. Алайда біз жаңа нысан салуды ынталандырғымыз келеді. Өйткені мемлекеттің қажетті санға жеткізіп,  мектеп салуға мүмкіндігі жоқ. Мемлекеттік мектептер толы. Сыныптарда 40 баладан оқиды. Үлгерімділік жайында не айтуға болады? Жекеменшік білім беру мекемелерін дамытуға мүмкіндік беру қажет», - деп атап өтті Нұрбаев.