Қырғызстанда жер сілкінді

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстандағы  Жалалабад облысында 24 желтоқсанда 06:17-де 3 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады Кабар.

Қырғызстан Республикасының ТЖМ баспасөз қызметінің Сейсмология институтына сілтеме жасап хабарлауынша, Тогуз-Тороуск ауданы  Додомол және Кошбұлак ауылдарында  2-3 балдық, ал Арал ауылында  2 балдық тербеліс сезілген.

Алдын ала деректер бойынша, ешкім зардап шекпеген.