Ведомствоның статистикалық деректеріне сәйкес, елде үш жыл қатарынан жол-көлік оқиғасының көрсеткіштері төмендемей тұр. Атап айтқанда, 2020 жылы 6126 ЖКО тіркелген (754 адам қаза тапты, соның ішінде 93 бала, 9227 адам зардап шекті), 2021 жылы - 7438 ЖКО (869 адам қаза тапты, оның ішінде 111 бала, 11 370 адам жараланды), 2022 жылы - 7040 ЖКО (690 адам қаза тапты, оның ішінде 103 бала, 11 049 азамат жарақат алды).
Жолдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар көлемі көбейтілді:
- көлік құралын жүргізу құқығынсыз басқарғаны үшін айыппұл мөлшері 5,5 мың сомнан 15 мың сомға дейін өсті (шамамен 172 доллар), жеңілдік қарастырылмаған;
- бағдаршамның қызыл түсіне немесе тротуар бойымен жүрген көліктер үшін 3 мың сомнан 5 мың сомға дейін (шамамен 57 доллар);
- жылдамдықты 40-60 км/сағ асырғаны үшін- 5,5 мың сомнан 7,5 мың сомға дейін (шамамен 86 доллар);
- 60 км/сағ және одан да көп асып кеткені үшін - 7,5 мың сомнан 15 мың сомға дейін (шамамен 172 доллар);
- қарсы жолаққа шыққаны үшін - 5,5 мың сомнан 15 мың сомға дейін (шамамен 172 доллар);
- автобұзақылық үшін - 7,5 мың сомнан 15 мың сомға дейін (шамамен 172 доллар). Бұл ретте қайта бұзғаны үшін көлікті басқару құқығынан 6 ай мерзімге айыру көзделеді;
- ЖКО жасаған және қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері көзделмеген оқиға орнынан жасырынған жүргізуші 6 ай мерзімге автокөлікті басқару құқығынан айырылады (бұрын 10 мың сом айыппұлмен шектелген);
- жол ережесін бір жыл ішінде 3 және одан да көп бұзғаны үшін куәлікке емтиханды қайта тапсыру тағайындалады;
- жалған нөмірлер қойылған көлік құралын басқарғаны үшін 20 мың сом (шамамен 229 доллар) айыппұл салынады. Қайта бұзғандар 1 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылады;
- автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен бір жылға, қайта бұзғаны үшін үш жылға айыру көзделген.