Қырғызстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, дүйсенбі күні аурухананың бірнеше емделушілері тергеу жұмыстарын жүргізуге келген милиция қызметкерлеріне белсенді қарсылық көрсеткен.
Одан әрі бүлік шығарған емделушілер медицина қызметкерлерін кепілге алған. Тергеу тобына қосымша күш шақыртуға тура келді. Қосымша топтың көмегімен ғана ІІМ қызметкерлері кепілге алынғандарды босатып, тәртіпсіздікті тоқтата алды. Барлығы арнайы топтың алты қызметкері мен төрт медицина қызметкері зардап шекті. Қырғызстан Республикасы Денсаулық министрлігі екі адамды ауруханаға жатқызды деп хабарлады, оның бірінде сынық жарақаттары болса, екіншісінің бас сүйегі зақымданған.
Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК-ның үш бабы: «билік өкіліне қарсы күш қолдану», «тергеу өндірісіне кедергі келтіру» және «бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іздестіру нәтижесінде милиция қызметкерлері ауруханадан есірткі мен басқа да тыйым салынған заттар тапты.
Бұдан бұрын ҚазАқпарат хабарлағандай, 9 ақпанда Қырғыз елінің Боомск шатқалында жол патруліне қарулы шабуыл жасалған болатын, нәтижесінде ІІД жол патрулінің қызметкері қаза тапқан. Құқық қорғау органдары ол аталған ауруханада ем алған Заур Магомедов екенін анықтап, кейіннен оны құрықтаған болатын.