Қырғызстанда жыл басынан бері 16 рет жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда жыл басынан бері 16 рет жер сілкінісі тіркелген. Бұл туралы жұмада ҚР Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институты мәлім етті, деп хабарлады КирТаг.

«Қырғызстанда 2015 жылдың басынан бастап 16 жер сілкінісі тіркелді, оның 9-ы қаңтарда орын алды», - деп хабарлады институттан.

Екі айдың ішіндегі ең күшті жер сілкінісі 22 ақпанда тіркелген. Зілзала ошағы Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай 27 шақырымда орналасқан.

Сондай-ақ жыл басынан бастап республика бойынша күші 4 балдан асатын бес жер сілкінісі орын алған.