Қырғызстандағы ірі қошқарды қазақ кәсіпкерлері 5 мың долларға сатып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда шаруа қожалығының иесі қазақ кәсіпкерлеріне ірі қошқарын 5 мың долларға сатты, деп хабарлайды turmush.kg .

Шу облысы Мәскеу ауданы Александровка ауылының  56 жастағы тұрғыны  гиссар тұқымды қой өсірумен айналысады. Ол Корабль атты қошқарды 5000 долларға сатқанын айтты. Мұхамет ұсақ қара малды рекордтық бағаға саттым деп санайды. Гиссар тұқымды қойды өсірумен ол 18 жылдан бері айналысып келеді.

«Қожалықта тек гиссар тұқымды қойлар ғана бар. 2000 жылы Тәжікстанда болдым, сонда осы тұқымды сатып алдым. Содан бері әр екі жылда тұқымды жақсарту үшін қошқарларды жаңартып отырамын. Қазір менде 30 бас қой бар. Бір үлкен қошқарды саттым, оған Корабль деген есім де бердім.

Ол Қырғызстанда ғана емес, Қазақстан аумағында да белгілі. Жотасының биіктігі 1 метр 8 см, ұзындығы 1 метр 50 см. Салмағы 190 келі. Өткен жылы қазақ кәсіпкерлеріне 5 000 долларға сатқанмын. Корабльдің жасы 7-де. Алдағы уақытта Корабль сияқты жақсы тұқым алғым келеді», - деді фермер.

Айта кетерлігі, Мұхамет  гиссар тұқымын басқа тұқымдармен будандастырумен де айналысады.