Оны Кенеш төрағасы Ахматбек Келдібеков кеше Бішкекте Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасқа арналған арнайы баспасөз мәслихатында айтты.
"Президент сайлауына қажетті барлық заң жобалары және ұйымдастыру мәселелері заңдық тұрғыдан шешілді. Президенттік қызмет қазіргі таңда бұған дейінгідей онша елеулі емес. Қырғыз Республикасының Конституциясы бойынша біз Парламенттік басқаруға көштік", - дейді Ахматбек Келдібеков. Оның пайымдауынша, 30 қазандағы Президент сайлауы тыныш және ашық жағдайда өтеді. Оған сенім өте зор. Халық үміткерлер арасынан лайықты Президентті өзі таңдайтын болады.