Қырғызстандағы президенттік сайлаудың алдын-ала қорытындысы Құрманбек Бакиевтің жеңісін көрсетуде

БІШКЕК.   Шілденің  24-і.  ҚазАқпарат /Владимир  Добровольский/  -      Кеше   Қырғыз Республикасында  өткен  президенттік сайлаудың алдын-ала нәтижесі     елдің  қазіргі президенті Құрманбек Бакиевтің айқын  жеңісін    көрсетуде.

2330   сайлау  учаскесінің 710-ы  бойынша мәліметтерді   есептеп шыққан Орталық сайлау комиссиясының ақпараты  бойынша,   Құрманбек Бакиевке  дауыс бергендердің саны 89,7 пайызды  (652 265 сайлаушы)  құрап  отыр.   Алмазбек Атамбаевтың  қол жеткізген  көрсеткіші  - 5,67 пайыз.    Үміткерлердің   үштігіне  кіріп отырған Темір  Сариев     сайлаушылардың 1,6   пайызының дауысын  жинай алған.

Женишбек   Назаралиевтің, Тоқтайым  Үметәлиева  мен  Нұрлан  Мотуевтардың    нәтижелері  - 0,33  пен 0,29 пайыздың аралығында.   Қазіргі уақытта    қырғыз  Орталық сайлау комиссиясы  өз жұмысын   жалғастыруда,       оның   нәтижелері   туралы ҚазАқпарат  оқырмандарын хабардар етеді.