Қырғыз Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, ел аумағынан тыс жерлерде жүрген Қырғызстан азаматтары да өз конституциялық құқықтарын пайдалана алады - Қазақстанды қосқанда әлемнің 23 елінде 49 сайлау учаскесі ашылған.
Қырғызстандағы президенттік сайлаудың барысын әлемнің 48 елінен келген 516 халықаралық байқаушы бақылайды, әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының 85 өкілі тіркеліп отыр.
Қазақстан өкілдері - 40 адам - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымы миссияларының құрамында байқаушы болып кіріп отыр.