Қырғызстандағы сайлауда оппозициялық партия алда келеді

АСТАНА. Қазанның 11-і. ҚазАқпарат - Өткен демалыста өткен парламенттік сайлаудың қорытындысы бойынша Қырғызстанда дауыс берушілердің әзірге 50,02 пайызының дауыстары саналып болды.

Оның қорытындысы бойынша 8,91 пайыз көрсеткішпен оппозициялық «Ата Жұрт» партиясы алда келеді, деп хабарлайды ВВС-тің Орыс қызметі.

Екінші орында - уақытша үкіметтің бұрынғы вице-премьері Алмазбек Атамбаев бастаған Қырғызстанның Социал-демократиялық партиясы келеді, оның көрсеткіші - 8,39 пайыз.

Үшінші орында - 6,94 пайыз көрсеткішпен Феликс Құловтың «Ар-Намыс» партиясы, одан кейін - 6,85 пайыз дауыспен «Республика» партиясы» және 6,08 пайыз дауыспен -«Ата Мекен» партиясы келеді.