Қырғызстанның ІІМ есірткінің заңсыз айналымымен күрес бойынша бас басқармасы қызметкерлеріне есірткінің заңсыз айналымына Сокулук ауданының 48 жастағы тұрғынының қатысы бар екені туралы хабар түсті. Жедел қызметкерлер ақпаратты тексерді.
Милиционерлер түнгі уақытта күдікті тұратын Чу облысы Сокулук ауданы Комсомольское ауылында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Есірткіні кинолог қызметтік иттің көмегімен тапты.
Үй ауласындағы құрылыстарды тінту кезінде милиционерлер 31 полиэтилен қапшық тапты. Сонымен қатар бақшада қарасора өсіп тұрғаны анықталды. Өсімдікті шапқаннан кейін орның жалпы салмағы 1 тонна 170 кг. 776 гр. құрады.
Тергеу кезінде Сокулук ауданының 48 жастағы тұрғыны Т.Ю. ұрлық, бұзақылық және есірткіні заңсыз сақтау және пайдаланғаны үшін үш мәрте сотталғандығы белгілі болды.
Аталған қылмыс үшін 5-тен 10 жылға дейін бостандықтан айыру жазасы қарастырылған.