Мәслихатқа қатысушылар атап көрсеткендей, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде тұмаудың эпидемиологиялық жағдайы аса күрделі. Қырғызстанда да ушығуда. Қарашаның 10-дағы жағдай бойынша A/H1N1 тұмауымен ауырудың зертханалық расталған 27 оқиғасы тіркелді, олардың 24-і - шет елдерден келгендер. Олар негізінен Ресейде жұмыс істейтін Қырғызстан азаматтары. Тағы 3 оқиға Қырғызстанның өзінде анықталып отыр.
Барлық науқастарға дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Стационарлық жағдайда емделген 17 адам жазылып шықты, қалғандары әлі ем-дом қабылдауда.
Қазіргі уақытта республикада маусымдық тұмау мен басқа да суық тию аурулары індетінің таралуына жол бермеуге бағытталған шаралар күшейтілуде. Атап айтқанда, 60 мыңға жуық доза «Инфлювак», «Гриппол» және т.б. дәрі вакциналары сатып алынды. Доңыз тұмауына қарсы препараттардың, оның ішінде «Тамифлю» дәрісінің 190 мыңға жуық дозасының жеткізілімі туралы келісім жасалды. 2 миллиондай маска әкелінбек. Оған қоса, жергілікті кәсіпорындар тәулігіне тағы 5 мыңдай маска тігуді жоспарлап отыр.
Қырғыз дәрігерлерінің айтуынша, жалпы алғанда елдегі жағдай жіті бақылауға алынды.