ҚР Мемлекеттік хатшысы атап өткендей, Қырғызстандағы дағдарыс басталған күннің ертеңіне ЕО, ЕҚЫҰ және БҰҰ бірлескен күш-жігерімен елге арнайы елшілер жіберілді, олар сол жерде жағдайды реттеу үшін бар күш-жігерін жұмсады.
Еуропалық Одақтың қазіргі төрағасы - Испания Корольдігінің сыртқы істер министрі Анхель Моратиносқа қаратып айтқан сөзінде Қ.Саудабаев ЕО ЕҚЫҰ-ны басқарып отырған елдің Президенті ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды рөлін әділетті түрде атап өтті, деді. «Қазақстан, АҚШ және Ресей презденттерінің бірлескен күш-жігерімен Қырғызстанда зомбылықтың одан әрі шиеленісуіне жол берілмеді, азаматтық соғыс болып кетуінің алдын алу мүмкін болды», деп атап өтті ҚР Мемлекеттік хатшысы.
Тұтастай алғанда, тараптар кездесу барысында Қырғызстан құқықтық ортаға тезірек қайта оралып, ел конституциялық даму жолына түсуі үшін күш-жігерді одан әрі өрістетуге уағдаласты.