Ведомство мәліметтері бойынша, тұрғындардың ең жоғары жалақылары Бішкек қаласында, ал ең төмен - республиканың оңтүстігіндегі Ош қаласында тіркелген. Барлық аймақтардан тек Бішкекте ғана орташа айлық жалақы республикалық деңгейден 1,4 есеге асырып, 12 032 сомды құрады. Оның нақты өсімі - 104, 8 пайыз. Ош қаласында орташа айлық жалақы 8 055 сом (175 АҚШ доллары) деңгейінде қалыптасты, өткен жылдың 11 айы бойынша нақты өсім 102,6 пайызды құрады.
10:40, 08 Ақпан 2012
Қырғызстандағы жалақының орташа мөлшері 145 АҚШ долларын құрады
БІШКЕК. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғызстан ұлттық статистикалық комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылдың қаңтар-қараша айлары бойынша қырғызстандық азаматтың орташа айлық жалақысы 6 мың 683 сомды (шамамен 145 АҚШ долларын) құрады.