Қырғызстандағы жер сілкінісі салдарынан аурухананың үш бөлімшесі қирап қалды

АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Қырғызстанда жер сілкінісі салдарынан қирап қалған Баткен облысындағы Қадамжар ауруханаларының үш бөлімшесі қайта қалпына келтіруге жатпайды, деп хабарлайды «24.kg» АА ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның мәліметтері бойынша, олар аурухананың хирургиялық, босану және травматологиялық бөлімшелері. «Аймақтық аурухананың зардап шеккен жерлерінен емделушілер мен медициналық жабдықтарды шығару бойынша шұғыл шаралар қолданылып, оны қалпына келтіру жұмыстары үшін қаражат іздестірілуде», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, мемлекеттік органның ақпараты бойынша, жер сілкінісінен денсаулық сақтау саласының басқа да мекемелері зардап шеккен. Қазіргі уақытта олардың тізімі нақтылануда.