Қазақстан, Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығының аясында, Қырғызстанның оңтүстігінде мамыр-маусым айларында болған оқиғаларды салдарынан зардап шеккен балаларды қазақстандық тараптың есебінен қабылдауға ниет білдірген болатын.
Балалар Тараздан 75 шақырым жердегі Берікқара шатқалында орналасқан «Тау самалы» жазғы сауықтыру кешеніне жайғастырылды. Олармен тәжірибелі тәрбиешілер, психологтар мен дәрігерлер жұмыс істейтін болады.
Мамандардың айтуынша, бұл іс-шараның негізгі мақсаты - балалардың денсаулықтары оңалту және психологиялық сауықтыру.
Қырғызстандық балаларды «Тау самалы» кешенінің басшылығы мен онда демалып жатқан қазақстандық балалар ыстық ықыласпен қарсы алды. Олар Қазақстанда тамыздың 6-сына дейін болады.