Қырғызстандық Дастан Лепшаков бильярдтан әлем чемпионы атанды
10:51, 26 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстандық Дастан Лепшаков Имарта қаласында (Финляндия) бильярдтан «Серпінді пирамида» түрі бойынша өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды КирТАГ.
Қырғызстандық барлық 6 матчта қарсыластарынан басым түсті. Ширек финалдағы аса шиеленісті өткен ойында ол украиндық Павел Родионовты 9:6 есебімен ұтты.
Одан әрі жартылай финалда Никита Ливаданы (Ресей) және шешуші ойында беларустік Евгений Салтовскиді жеңді. Екі ойын да бірдей 7:1 есебімен Д. Лепшаковтың пайдасына шешілді.