Қырғызстандық кикбоксшы айқас кезінде «Матрица» бас кейіпкерінің қимылын қайталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 жастағы Бішкектің тумасы Рафаэль Физиев әлеуметтік желіде «жұлдызға» айналды. Ол «Матрица» фантастикалық фильміндегі Неоның іс-қимылын қайталады.

Пхитсанулок қаласының Toyota Marathon турнирі аясында Физиев тайлық жергілікті боксшы Согро Петьиндимен жекпе-жекке түсті. Аяқпен жасалған қатты соққыдан қашу үшін қырғыз спортшысы Киану Ривздың трюгін қайталап, артқа қарай шалқайған.

Айта кетейік, осындай іс-әрекетіне қарамастан Физиев айқаста жеңіліп қалды.