Бұл сапар ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық аясында Қырғызстанның құқық қорғау органдарын қайта құру желісі бойынша және құқықтық саясат жүргізудегі біртұтас жүйелік әдіс-тәсілдерді зерделеу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Сапар барысында делегация мүшелері Грузияның Еуропалық және еуроатлантикалық құрылымдарға ықпалдасу мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі - ел вице-премьер-министрі Георгий Барамидземен, елдің ішкі істер, әділет, қаржы министрлерімен, құқық қорғау және қадағалау органдарының басшыларымен кездесулер өткізеді.
Делегация құрамына Қырғызстан Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бақтыбек Алымбеков, Жазаларды орындау мемлекеттік қызметінің төрағасы Шейшенбек Байзақов, Президенттің Жогорку Кенештегі өкілетті өкілі Айда Салянова және т.б. кіріп отыр.