Қырғызстандық ОСК президенттікке төрт кандидатты қайта тіркеді

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Қырғызстанның сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясы (ОСК) бұрын қарсы жауап қайтарылған төрт кандидатты қайта тіркеді, деп хабарлайды «24.kg» АА.

Агенттіктің хабарлауынша, №1 таққа кандидат куәлігін Торобай Колубаев, Тұрсынбай Бакир уулу, Нариман Түлеев және Ақбаралы Айтикеев алды.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы жоғарыда аталған кандидаттардың қол жинаған парақтарын жарамсыз деп, қабылдамай тастаған болатын. Соған байланысты оларды президенттікке кандидат ретінде тіркеуден де бас тартылды. Алайда Бірінші және Жоғарғы құзырлы сот ОСК шешімін негізсіз деп тапты.