«Қордай шекара отряды «Қарасу авто» өткізу бекетінің жасағымен Қырғызстанның 34 жастағы азаматы ұсталды. Қырғызстанан Ресейге қарай «Мерседес-бенц» көлігімен бағыт алған бұл азамат ірі көлемдегі темекі өнімдерін алып өтпек болған. Атап айтқанда, жалпы салмағы 2 200 келіні құрайтын 76 қапқа салынған насыбай мен 45 қорап фильтрлі темекі анықталды. Барлық өнім Тәжікстанда өндірілген», - делінген хабарламада.
Осы орайда Қордай ауданының өзара іс-қимыл жасайтын және құқық қорғау органдарының өкілдеріне тиісті ақпарат берілді.