Қырғызстандық жалған төлқұжатпен Қазақстанға өтпекші болған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 қыркүйек күні қырғыз-қазақ шекарасында шекарашылар бақылап-өткізу бекетінде жалған төлқұжатпен өтпекші болған Қырғызстан азаматын ұстады, деп хабарлайды kabar.kg .

Қырғызстан Республикасы Мемлекеттік шекара қызметі БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі хабарлағандай, Ақ тілек автожолы бақылау-өткізу бекетінде төлқұжат тексеру кезінде 1972 жылғы Ф.Б. атты Қырғызстан азаматы толықтай жалған белгілері бар жалпыазаматтық төлқұжатты (ID-card) көрсеткен. Ұсталушының сәйкес құжаттары рәсімдегеннен кейін  Шу облыстық МҰҚК қызметкерлеріне берілді.