деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қ. Жұмановтың сөзіне қарағанда, өткен аптада Алматы қаласы Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген арнайы операция барысында мейрамханалардың бірінде қырғызстандық журналист Геннадий Павлюкті ұрлау оқиғасына қатысы бар екі күдікті азамат ұсталды. 2009 жылы желтоқсанның 16-сында Г.Павлюк ауыр дене жарақаттарымен емханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болған.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың басында өткен баспасөз мәслихаттарының бірінде Қ.Жұманов қырғызстандық журналист Геннадий Павлюктың өліміне қатысты бірнеше азаматтың анықталғандығын жария еткен болатын. Олардың бәрі - Қырғызстан азаматтары. Аталған қылмыстық іс бойынша Қазақстан мен Қырғызстанның құқық қорғау органдары бірлесіп жұмыс істеуде. Сондай-ақ Қырғызстан өз тарапынан арнайы тергеу тобын құрған.
Г.Павлюк - Қырғызстандағы «Белый пароход» газетінің негізін қалаушы журналист. 2009 жылы желтоқсанның 16-сы күні Алматы қаласына іссапармен келген ол белгісіз себептермен Фурманов көшесіндегі үйдің 6-шы қабатынан құлаған болатын. Сол кезде оның қол-аяғы скотчпен байлаулы болған.