Қырғызстандықтар желіде жұртты митингке шықпауға шақырып жатыр

Фото: None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғызстанда әлеуметтік желі пайдаланушылары «#Мы против третьей революции» хэштегімен жұртшылықты митингке шықпауға шақырып жатыр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Instagram-ның өзінде елдегі толқулардытоқтатып, бейбіт өмір сүруге шақырған 500-ден астам жазба жарияланды. Олардыңавторлары арандатуға берілмеуге, әлдекімнің жағына шығып, жік-жікке бөлінбеуге үндеуде.

Еске сала кетейік, кеше кешкісін бұрынғыпрезидент Алмазбек Атамбаевтың үйінде күш құрылымдары мен экс-президенттіңжақтастары арасында қақтығыс болды. Соның салдарынан 22 жастағы арнайы жасақөкілі қаза тауып, 40-тан астам адам жараланған.

Зардап шеккендердің арасында Шу облысы Ішкі істер бас басқармасыныңбастығы Самат Құрманқұлов та бар. Қазір дәрігерлер оның өмірін сақтап қалудыңқамында.

Айта кетсек, бұған дейінЖогорку Кенеш елдің экс-президентінен қол сұқпаушылық мәртебесін алып тастаутуралы шешім қабылдаған болатын. Атамбаевқа қатысты депутаттар тарапынантағылған айыптарды зерттеу бойынша арнайы депутаттық комиссия құрылды. Комиссияжұмысының нәтижесінде оған 6 эпизод бойынша айып тағу шешімі қабылданды. АлайдаБас прокуратура комиссияның жұмысын заң тұрғысынан бағалай келе, тек бесэпизодты қалдырды.

Соңғы жаңалықтар