19 тамыздағы мәліметке сәйкес, Паранойскідегі бұрынғы қағаз зауыты қазандығының ғимаратын бұзу кезінде төбесі опырыла құлаған. Үйінділердің астында шамамен 10 адам қалған.
Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметіне сәйкес, үйінділердің астынан 8 адам шығарылған. Олардың екеуі кішігірім жарақаттар алып, 5 адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Оқиға салдарынан бір адам мерт болып, денесі мәйітханаға жеткізілген. Қаза тапқан адамның аты-жөні анықталуда.
Зардап шеккендердің арасында Қырғызстан азаматтары болды ма, жоқ па - елшілік нақты айтпай отыр.