Жеңілдіктер қарастырылған медициналық қызметтердің көрсетілуі туралы келісімшартқа Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың Стамбулға сапары барысында қол қойылды. Бұл туралы қырғыз елінің Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлаған.
«Біздің азаматтарымыз үшін ем алу тегін жүргізілмек», - деп атап өтті ведомствода.
Сондай-ақ олар бұған енетін адамдар тізімін қырғыздық тарап жасайтындығын, ал оны Түркия елшілігі қарсы тараптың дәрігерлерімен келісе отырып бекітетінін жеткізді.