Қырғызстанға Шыңғыс Айтматов шығармашылығының брюссельдік кезеңінің мұрағаты берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев бүгін, 16 ақпанда Бельгия Корольдігіне жұмыс сапары аясында Қырғыз Республикасына ұлы жазушы Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы бойынша мұрағаттық материалдарды беру рәсіміне қатысты.

Мұрағаттық материалдарды елге Брюссель Еркін университеті құрметті профессоры, Бельгия археологиясы  Корольдік академиясының мүшесі Жан  Бланкофф табыс етті, деп хабарлады Қырғызстан Президентінің баспасөз қызметі.

Атамбаев өз сөзінде шараға қатысушыларды жылы қабылдады және оған Шыңғыс Айтматовқа жақын  және ерлі-зайыпты Бланкофф сияқты оны жақсы білетін адамдар қатысқанын атап өтті.

    Ерлі-зайыпты Бланкофф сияқты оның қасында болған,  оған жәрдемдескен адамдардың арқасында ол бір халықтың ғана емес, ғаламшардың жазушысы атанды», - деді Алмазбек Атамбаев, оның президенттігі кезінде Шыңғыс  Айтматовқа ескерткіштер, сондай-ақ мавзолей ашылғанын жеткізді.

Президент Алмазбек Атамбаев ерлі-зайыпты Бланкоффқа символикалық киіз үй табыс ете келе,  бұл отбасыға әрқашанда кез келген қырғыз киіз үйінің есігі ашық болатынын атап өтті.

Қырғыз Республикасына  Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы бойынша мұрағат материалдарын беру туралы ресми құжатқа ҚР СІМ министрі Эрлан Абдылдаев және Брюссель Еркін университетінің құрметті профессоры, Бельгия археологиясы Корольдік академиясының мүшесі Жан  Бланкофф қол қойды.