Қырғызстанға ҰҚШҰ-ның бітімгершілік күштерін енгізу бойынша қандай да бір ресми позицияны Қазақстан бекіткен жоқ - ҚР СІМ

АСТАНА. Маусымның 14-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қырғызстанға Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бітімгершілік күштерін енгізу бойынша қандай да бір ресми позицияны Қазақстан бекіткен жоқ. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер мнистрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта бұл мәселе көптарапты режімде қарастырылуда. Яғни, қандай да бір бекітілген ресми позиция жоқ. Сондықтан да қазіргі таңда бұл бойынша консультациялар жүруде», деді брифингте А. Әбдірахманов.

Оның айтуынша, осы уақыттарда Мәскеу қаласында ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Қауіпсіздік кеңестері хатшылықтарының шұғыл жиыны өтуде. Онда Қырғызстанға жәрдем көрсету және ондағы дағдарысты реттеу мәселесі бойынша консультациялар жүргізілуде. Оған Қазақстан тарапынан ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжин қатысуда.