Қырғызстанмен қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру серпіні жақсы болады деп күтеміз - А.Сатқалиев

ІШКЕК. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ө.Шөкеев бастаған қазақстандық жұмыс тобының Қырғызстанға сапары кезіндегі энергетикалық блок ауқымындағы қазақстан-қырғыз келіссөздерінің қорытындылары туралы қазақстандық БАҚ өкілдеріне «KEGOC» АҚ президенті Алмасадам Сатқалиев айтып берді.

- Алмасадам Майданұлы, қырғыз тарапымен келіссөздерде қандай мәселелер қаралды?

- Әртүрлі бағыттар бойынша мамандандырылған топтардың жұмысы кезінде Қырғызстан экономикасына көмек көрсету мәселелері талқыланды. Энергетикалық блок мәселелері үш кіші бөлімге бөлінді. Біріншісі - донор-елдердің, соның ішінде Қазақстан Республикасының Қырғызстанның оңтүстік облыстарының энергетикалық инфрақұрылымын қалпына келтіруге көмек. Жүргізілетін жұмыс көлемі мен нақты цифрлар аталды.

Екінші блок мәселелері Қырғыз Республикасын күзгі-қысқы кезеңде көмірмен, Бішкек ЖЭО жұмысы үшін пайдаланылатын мазутпен қамтумен, сондай-ақ 2011 жылғы тиісті кезеңде Қазақстан суаруда қолданатын Тоқтағұл су қоймасын толтырумен байланысты.

Келесі блокқа ағымдағы мәселелер кіреді, атап айтқанда бұл электр тарату желілерін дамыту жұмыстарын жалғастыру, соның ішінде салынып жатқан Қамбар-ата ГЭС-нің, сондай-ақ Тоқтағұл ГЭС-інің қуаттарын қамтамасыз етуге мүмкіндк беретін жаңа жоғары вольтті магистралдық желілер тарту.

Сондай-ақ екі елдің энергия жүйесінің қосарланған режімде жұмыс істеуі мәселелсі талқыланды. Қырғыз тарапы Қазақстан Республикасына 300 мВт көлемінде реттелетін қуаттар бер жөніндегі уағдаластықтың мәні зор болды. Бұл әсіресе күзгі-қысқы кезеңде елдің оңтүстік аймақтарын электр энергиясымен сапалы қамтитын болады.

- Сіз ҚР оңтүстігінің энергетикалық инфрақұрылымын қалпына келтіруге қажетті қаржы көлемі аталды деп атап өттіңіз. Сіз ол цифрларды келтіре кетсеңіз?

- 8,2 млн. АҚШ доллары сомасы аталды. Бұл ең алдымен белгілі оқиғалар кезінде бұзылған трансформаторлық кіші стансыларды, газ бөлетін стансыларды және тораптарды қалпына келтіру, сондай-ақ шағын вольтті желілерді дамыту.

Қорытынды хаттамаға қосымша ретінде барлық желілердің, кіші стансылардың, қалпына келтірілетін газ құбырларының тізімі жасалды. Әртүрлі кернеулі электр тарату желілеріне келер болсақ, қалпына келтірілетін және жаңадан салынатын электр тарату желілерінің жалпы ұзындығы 500 шақырымға дейін жетеді.

- Сіздің топта су ресурстары проблемалары қаралды ма?

- Иә, біз су режімі және 2011 жылы су пайдалану кезеңінің басталуына дейінгі қажетті су көлемін жинау мәселелерін қарадық және қырғыз тарапы бұдан бұрын үкіметаралық уағдаластықтарда қол жеткізілген міндеттемелерін орындауға уәде берді.

Бұдан басқа, Қырғызстанның Киров су қоймасынан су жіберу мәселесі қойылды және Премьер-Министрлердің орынбасарлары қол қойған хаттамада екіжақты бірлескен мониторинг жасау және осы су қоймасында бірлескен гидробекеттер ұйымдастыру мүмкіндіктері жөніндегі тармақ енгізілді.

Ал Қазақстанның оңтүстігіне су жеткізумен байланысты Тоқтағұл су қоймасынан су жіберуге қатысты айтсақ, ол қазақстандық тарап сатып алған электр энергиясына теңбе-тең мөлшерде жүзеге асырылады. Біздің энергиямен қамту ұйымдарымыз тиісті шартқа қол қойды және біз таяудағы уақытта оларды жүзеге асыру серпіні жақсы болады деп күтудеміз.