Қырғызстаннан бір үйір жылқы әкеле жатқан барымташылар ұстатпай кетті

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз шекарашылары Қырғызстан аумағынан біздің елге өтпек болған бір үйір жылқының алдынан шықты. Жылқыларды қуып келе жатқандар қашып үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Тараз шекара жасағының қызметкерлері қырғыз аумағынан біздің елге қарай қуылып келе жатқан бір үйір жылқының алдынан шықты. Оқиға 4 желтоқсан күні таңғы сағат 4-тер шамасында, аталған жасақтың «Гранитогорск» шекара заставасы аумағында орын алған. Шекарашылар көрші елден жақындап келе жатқан «дүбірді» сезіп, заставаға шұғыл хабар берген. Аталған заставаның жеке құрамымен бірге жақын маңдағы Сыпатай батыр заставасы да қаруланып, дабыл тобы шекара бойына аттанды. Дүбір туғызған бір үйір жылқы болып шықты. Өкінішке қарай, табынды қуып келе жатқандар кері бұрылып, көрші елдің аумағына тереңдеп үлгеріпті», - дейді Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, жылқылар әзірше біздің елде. 

Соңғы жаңалықтар