Тексеру нәтижесінде аталған көліктердің Бішкекқаласынан шыққандығы, «Сыпатай батыр» бақылау-өткізу бекеті арқылы өткендігі анықталды.Көліктерге тиелген 28 800 банкі «Gorilla» алкогольсіз сусынның тауарғаілеспе құжаттары болмаған.
Бұл факт бойынша Жамбыл облысының мемлекеттік кірістероргандарының қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды. Көліктер кері, Қырғызстанға қайтарылды.