Құжатқа сәйкес, Қазақстан мен Қырғызстан арасында жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдау барысында, сондай-ақ уақытша тіркеу нөмірлері бар, айырым белгілерінсіз бос автокөлік құралдарын межелі жерге айдап бару кезінде рұқсат болмаса да жүзеге асырылады. Ал жүктерді екінші тарап мемлекетінің аумағынан үшінші елдерге тасымалдау жүзеге асырылса, тиісті мемлекеттік құзыретті органнан алынған рұқсат қажет болады.
Айта кетерлігі, қазіргі күні қолданыстағы үкіметаралық келісімге сәйкес, Қазақстан мен Қырғызстанның екіжақты транзиттік тасымалдары, сондай-ақ үшінші елдерге тасымалдар рұқсатсыз негізде реттеліп келеді. Алайда, жүк тасымалдарының рұқсатсыз жүйесі қазақстандық тасымалдаушыларға теріс әсерін тигізіп отыр. Сондықтан да жоғарыдағы келісімге өзгерістер жасалып отыр. Бұл ретте үшінші елдерге тасымалға рұқсат жүйесі енгізіледі. Құжатты дайындаушылардың айтуынша, бұл шара қазақстандық тасымалдаушыларды қолдауға көмектеседі.
Заң жобасы алдағы уақытта өтетін палатаның жалпы отырысына шығарылады.