Қырғызстаннан Қазақстан аумағына 400 малды айдап өтпек болған 5 шекара бұзушы ұсталды
13:48, 14 Шілде 2010
АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Кеше Қырғызстаннан Қазақстан аумағына 400 малды айдап өтпек болған 5 шекара бұзушы ұсталды.
Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары Амангелді Абылқанов мәлім етті.
Қазақстан-қырғызстан шекарасында елімізге көрші мемлекеттен 400 малды айдап өтпек болған 5 азаматтың ұсталғандығын атап өткен ол, «олардың 2-уі Қазақстан азаматы. Ал 3-еуінің құжаттары болмады. Қазіргі уақытта олардың қай мемлекеттің азаматтары екендігін құқық қорғау органдары анықтап жатыр», деді.
Мал ұрлаушылардан 2 иір ойықты атыс қаруы тәркіленген. Аталған іс бойынша еліміздің құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізуде.