деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қырғыз елінде оқиғалар орын алғаннан бері біз қазақ-қырғыз шекарасын жаптық. Шекарадан тек біздің еліміздің аумағына өтетін Қазақстан Республикасының азаматтарын ғана жіберіп жатырмыз. Еліміздің оңтүстігіндегі криминалдық ахуал тұрақты, ешқандай да айтарлықтай қоғамдық тәртіпті бұзушылық пен қылмыстар орын алған жоқ», деп атап өтті министр С. Баймағанбетов. Сонымен бірге, ол Қырғызстаннан қару-жарақтардың Қазақстанға әкелінуі туралы ешқандай да фактілердің орын алмағанын айтты. Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта шекарадағы бақылау күшейтілген. «Республикада көші-қон заңнамасын бұзған азаматтарды анықтауға арналған жедел алдын алу шаралары жүргізілді. Нәтижесінде бірнеше мың адам Қазақстан аумағынан шығарылды», деді С. Баймағанбетов.