«Қытай Халық Республикасымен шекарада әкімшілендіруді күшейтуге байланысты Қытайдан Қырғызстанға тауарлар импортының ағылуы байқалады. Жыл басынан бастап Қырғызстанға Қытай импортының 5 есе өсуі, Қырғызстаннан Қазақстанға импорттың 2,5 есе өсуі тіркелді», -деді министр.
Айтуынша, қазір Қытай Халық Республикасымен шекарада 900-ге жуық автокөлік, ал уақытша сақтау қоймаларында 1200-ге жуық автокөлік әкімшілендіруді жеңілдетуді күтіп тұр.
«Жыл басынан бері шекара маңындағы бекеттер бойынша кедендік төлемдер мен салықтардың түсімі 23%, ал көлемі – 26% азайған», -деді Ерұлан Жамаубаев.