Қырғызстанның арнаулы қызметі Құрманбек Бакиевтің інілерін ұстады

БІШКЕК. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің інісінің балаларын ұстағаны туралы ақпарат таратты.

2 қыркүйекте 23:10-да қырғыз-қазақстан шекарасындағы «Ақ жол» шекаралық бақылау бекетінде халықаралық іздеу салынған ҚР мемлекеттік күзет қызметінің бұрынғы төрағасы Жәнібек Бакиевтің ұлдары - Асылбек Салиев (1988 ж.т.) пен Нұрсұлтан Бакиев (1999 ж.т.) ұсталды.

«Азамат А.Салиевті ұстау кезінде ол жеке басын куәландыратын көрінеу жалған құжат ұсынған. ҚР қылмыстық кодексінің 28, 346, 350-баптарында көзделген қылмыстар белгілері (мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту, жалған құжаттар жасау және пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

23 жастағы А.Салиев ҚР ҰҚМК уақытша оқшаулау абақтысына қамалды, 12 жасар Н.Бакиев туыстарына берілді.