Қырғызстанның аз қамтылған әрбір отбасы елу келіден ұн алады

БІШКЕК. 9 наурыз. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғызстанның аз қамтылған әрбір отбасы елу келіден ұн алады. Бұл туралы жергілікті «5 арна» телекомпаниясына берген сұхбатында Қырғызстанның Премьер-Министрі Алмазбек Атамбаев хабарлады.

Көрші республиканың Үкімет басшысы хабарлағандай, бұл азық-түлік бағасының өсуі жағдайында халықтың аз қамтылған бөлігіне қолдау көрсетуге бағытталған шаралардың бастапқысы. Бұл мақсатта резервтегі қордан 10 мың тонна астық алынып, ол халықтың аз қамтылған бөлігіне таратылу үшін ұнға айналдырылды.

«Әр аз қамтылған отбасы қайтарымсыз негізде 50 келі ұн алады. Ұн тарату жұмыстары басталып та кетті және ол Қырғызстанның барлық аймақтарын қамтиды», - деп хабарлады А.Атамбаев.