Қырғызстанның бұрынғы бас прокурорына қатысты қылмыстық іс қозғалды
11:45, 27 Желтоқсан 2016
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан бас прокуратурасы бұрынғы бас прокурор Аида Саляноваға қатысты Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 304-бабы, 4-бөлімінде (Қызмет бабын асыра пайдалану ) көрсетілген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Бішкектегі меншікті тілшісі.
Бас прокуратура Жоғарғы кеңес депутаты Аида Саляноваға қатысты Қырғызтан ҰҚК келіп түскен материалдарды қарады және Әділет министрі міндетін атқарушы кезінде қызметтік бабын асыра пайдалануы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Парламент депутаты, бұрынғы бас прокурор Аида Салянова 2010 жылдың маусым айында Максим Бакиевтың қорғаушысы А.Елисеевтің лицензиясын жаңарту туралы ҚР Әділет министрінің бұйрығына заңсыз қол қойды деп айыпталуда.