Еске салайық, Бішкек қаласындағы Жылу электр орталығын жаңғырту кезіндегі жемқорлық фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іске қатысты 2018 жылдың 29 мамыры күні Сапар Исаковқа Қырғыз Республикасы ҚК 303-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылып, оған ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді.
21:25, 05 Маусым 2018
Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі қамауға алынды
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкек қаласының Бірінші май аудандық соты Қырғыз Республикасының бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковқа бұлтартпау шарасын өзгертті. Ол тергеу амалдары аяқталғанға дейін Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыратын болады. Бұл туралы «Кабар» агенттігі хабарлайды.