Шанхай ынтымақтастығы ұйымының құрамына кіретін барлық мемлекеттердің ресми өкілдері Мұратбек Иманәлиевтің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады. Жаңадан тағайындалған бас хатшы қызметіне 2010 жылдың қаңтар айынан кіріседі.
Мұратбек Иманәлиев 1991-992 жылдары, 1997-2002 жылдары Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі болған, 1993-1996 жылдары Қырғызстанның Қытайдағы елшісі қызметін атқарған, 1996-1997 жылдары - Қырғыз Республикасы Президент Әкімшілігінің халықаралық бөлімінің меңгерушісі, 2004 жылы «Жаңа бағыт» қозғалысының тең құрылтайшысы болып қызмет еткен. 2005 жылы Қоғамдық саясат институтының президенті болып сайланған. Ал 2009 жылдың қаңтар-қазан айларының аралығында Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі болып қызмет етті.